Негізгі мақсат
- Қоғамдық қызмет бойынша менеджердің (әрі қарай - IECHP менеджері) қолдауымен және басшылығымен денсаулықты нығайту және ақпараттандыру, білім беру және коммуникация (HPCE/IECHP) стратегиясы мен жұмыс жоспарын әзірлеу.
- Қауымдастықтың қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қауымдастықтарда немесе денсаулық сақтау мекемелеріндегі қоғамдық қызмет тобының (әрі қарай - HP тобы) жұмысын жобаның мақсатына, MSF құндылықтарына, стандарттары мен рәсімдеріне сәйкес үйлестіру және бақылау.
Міндеттері
- IECHP стратегиясы мен жұмыс жоспарын әзірлеуге немесе бейімдеуге белсенді қатысу.
- IECHP стратегиясы мен жұмыс жоспарының іске асырылуын белгіленген уақыт кестесіне сәйкес ұйымдастыру және қадағалау.
- IECHP стратегиясын іске асыру алдында және жүзеге асыру барысында бенефициарлармен және қауымдастықтармен тұрақты консультациялар жүргізу және олардың атсалысуына негізделген тәсілдерді қолдау.
- MSF-тің медициналық және медициналық емес қызметкерлері үшін денсаулық туралы ақпараттық сессиялар ұйымдастыру.
- Денсаулық туралы білім беру материалдарын және қатысуға негізделген әдістерді әзірлеуге қолдау көрсету, соның ішінде алдын ала тестілеу, мазмұнын бекіту және аудару үдерістерін қамтамасыз ету.
- Жедел бағалаулар мен сауалнамалар жүргізуге қатысу.
- Қауымдастықтың пікірлері мен қауесеттерін жүйелі түрде жинау, кодтау және есепке алу.
- Қауымдастыққа негізделген эпидемиологиялық бақылауды іске асыруға қолдау көрсету (деректер жинау, белсенді жағдайларды анықтау, бақылау және емдеуге бағыттау).
- IECHP менеджерімен бірлесіп қауымдастық жиналыстарын жоспарлау және ұйымдастыру.
- Қауымдастықтарды картаға түсіру жұмыстарына қатысу.
- Мониторинг
- Деректер жинау құралдарының бар екеніне көз жеткізу, деректерді базаға енгізу және деректер сапасын тексеру.
- Мониторинг деректерін талдауға қатысу және IECHP менеджерімен бірлесіп қажетті түзетулер енгізу.
- Ай сайынғы есептер дайындау.
Команданы басқару
- HP тобының жұмысын бағалауға қатысу (IECHP менеджерімен бірге).
- HP тобының кәсіби даму жоспарын әзірлеуге қатысу.
Оқыту және қолдау
- HP тобы үшін оқыту қажеттіліктерін бағалауға, оқыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу (IECHP менеджерімен бірлесіп).
- HP қызметінің тұрақты бақылауын ұйымдастыру және жұмыс барысында тәлімгерлік (coaching) қолдау көрсету.
- HP тобының қызметін жоспарлау және практикалық ұйымдастыруды қамтамасыз ету (жұмыс кестесі).
- HP тобының тұрақты кездесулерін ұйымдастыру.
Қауымдастықпен жұмыс
- Қауымдастықтарда ақпараттық сессиялар өткізу, көшпелі іс-шаралар ұйымдастыру және цифрлық коммуникация арналары арқылы MSF қызметтері туралы хабардарлықты арттыру.
- Бенефициарларды көпсалалы қабылдауға ертіп бару және оларды жолдамалар жүйесінде бағыттау, соның ішінде медициналық қабылдауларға бару, дәріханадан дәрі алу және басқа қызметтерге қол жеткізуге көмектесу (емханаға тіркелу, сақтандыру рәсімдеу және т.б.).
- Қауымдастықтарды карталау жұмыстарын жүргізу және жергілікті қауымдастық құрылымдарымен, көшбасшыларымен және белсенді мүшелерімен байланыс орнату.
- Қауымдастық деңгейінде тұрақты іс-шаралар өткізу (жиналыстар, кездесулер және басқа шаралар).
- Жоба басымдықтарына сәйкес қауымдастыққа нақты тақырыптар бойынша ақпарат беру.
- Әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік серіктестермен, соның ішінде басқа ҮЕҰ-мен және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарымен байланыс орнату және қолдау.
- Ақпараттандыру, білім беру және коммуникация іс-шараларына қажетті материалдарды әзірлеуге қатысу.
- MSF бенефициарлары арасында сапалық бағалау жүргізу арқылы қауымдастық қажеттіліктерін және жалпы қанағаттану деңгейін анықтау.
- Іс-шаралардың әсерін бағалау (сұрақтар, тексерулер және мінез-құлықты бақылау арқылы) және туындаған мәселелер, жетістіктер мен шектеулер туралы IECHPменеджеріне есеп беру.
- Жобаға қатысты кездесулерге белсенді қатысу.
- Іске асырылған қызмет туралы ай сайынғы есептер дайындау.
MSF контекстіндегі міндеттер
- Бенефициарларға көпсалалы емдеу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде қолдау көрсету және оларды сүйемелдеу.
- Бенефициарлар үшін ұйымдастырылатын көпсалалы емдеу үдерісіне қатысу.
- Ақпараттандыру, рухани саулық туралы білім беру және коммуникация бойынша іс-шараларға қажетті материалдарды әзірлеуге қатысу.
- Қажет болған жағдайда MSF-тің басқа қызметтеріне қолдау көрсету және құпиялылық, бейтараптық және әділдік қағидаларын сақтау.
Требования: Условия: - Толық мөлшерлеме негізінде Алматы қаласынан бір маман іздестірудеміз.
- Жұмыс күндері: Дүйсенбі-Жұма.
- Жұмыс уақыты: 8:00-17:00, 12:00 түскі ас үзілісі
- Кеңсе: Алматы қаласы, Зверев көшесі 6A мекенжайында орналасқан.
- Алматы облысы бойынша (Бәйдібек би, Ұзынағаш ауылдары) іс-сапарларға дайын болу.
Осы лауазымға осы сайт арқылы өтінім қалдыруға болады. Сондай-ақ, төмендегі электронды поштаға да түйіндемеңіз бен ниет хатыңызды жолдауға болады. Өтінімдерді 2026 жылғы 18 наурызға дейін (18 наурызды қоса алғанда) қабылдаймыз.