GeOnline – ҰБТ-ға дайындық бойынша ең жылдам өсіп келе жатқан онлайн-мектеп.
Соңғы 5 жылда біз 12 000-нан астам оқушыны оқыттық, ал 2025/26 оқу жылында мақсатымыз – 10 000 түлекке университетке түсуге көмектесу, олардың көпшілігі – грантқа
Біз Қазақстанның ТОП ЖОО-ларымен серіктестік орнатып, заманауи білім беру технологияларын енгізіп жатырмыз.
Қазірдің өзінде командада 100+ қызметкер, әрі қарай өсу үшін бізге HR керек, ол бізге процестерді, адаптацияны және корпоративтік мәдениетті ретке келтіруге көмектеседі.
Негізгі міндеттер:
- Командаға мықты адамдарды тарту.
- Адаптацияны жеңіл әрі түсінікті қылып, жаңа қызметкерлерді бірінші күннен-ақ GeOnline-ға ғашық ету
- Грейдтер мен KPI жүйесін енгізу → әркімнің өсу жолы айқын болатындай
- Команданы оқыту, дамыту, менторлық арқылы күшейту.
- Қызметкерлердің көңіл-күйі мен ынтасын бақылау (Gallup, eNPS сауалнамалары).
- Тимбилдингтер мен командалық іс-шараларды ұйымдастыру
Егер сізде:
- HR саласында 2 жылдан астам тәжірибеңіз болса
- Жас, энергиясы жоғары маман болып, мансапты дамытуға дайын болсаңыз
- Жүйе мен процестерді жақсы көрсеңіз, бірақ адамдарды одан да қатты жақсы көрсеңіз
- Командадағы әлсіз тұстарды көріп, шешім таба білсеңіз.
- Динамикада, өзгерістерде жұмыс істей алсаңыз.
- EdTech немесе стартап компанияларда тәжірибеңіз болса – керемет.
- Білім беру саласындағы тәжірибе болса – керемет.
Біздің ұсыныс:
- Астанадағы кеңседе жұмыс.
- Жылдам карьералық өсу (1–2 жыл ішінде HRD болу мүмкіндігі).
- Компания есебінен оқу, даму, апгрейдтер.
- Күшті әрі амбициялы команда.
Егер сен GeOnline-ның бір бөлігі болып, Қазақстандағы мыңдаған оқушының өміріне әсер еткің келсе – бізге жаз!
Компания қазақ базасында құрылғандықтан, қазақ тілін еркін меңгеру – міндетті талап.