Астана, проспект Туран, 34В
USTUDY - оқушыларды ҰБТ-ға сапалы дайындайтын білім беру орталығы. Біздің мақсатымыз — әр оқушының қабілетін ашып, дұрыс мамандық таңдауына және жоғары оқу орнына сәтті түсуіне көмектесу.
Қазіргі уақытта студенттерді магистратураға дайындау бойынша жаңа бағыт ашып жатырмыз.
Педагогика және психология пәндері бойынша студенттерді магистратураға түсуге дайындай алатын мұғалім іздеп жатырмыз.
ВАКАНСИЯМЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫНЫЗДАР. СОҢЫНА ДЕЙІН ОҚЫНЫЗДАР.
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының магистратурасына кешенді тестілеуге түсушілерді даярлау.
Бекітілген тест спецификациясының құрылымы мен мазмұнына толық сәйкес «Педагогика» пәнін оқыту.
Келесі бөлімдер бойынша сабақтар өткізу:
Педагогикалық мамандыққа кіріспе;
Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері;
Біртұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы;
Біртұтас педагогикалық үдерістегі тәрбие;
Біртұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі ретінде оқыту.
Спецификацияда қамтылған барлық тақырыптар бойынша білім алушыларды даярлау, соның ішінде:
педагогикалық мамандық және педагог тұлғасы;
үздіксіз білім беру және педагогтың кәсіби дамуы;
педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері;
біртұтас педагогикалық үдеріс (БПҮ);
оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, мазмұны, формалары мен әдістері;
оқу жетістіктерін диагностикалау, бақылау және бағалау;
педагогикалық технологиялар және танымдық белсенділікті арттыру;
A, B, C деңгейлеріндегі тест тапсырмаларын әзірлеу және қолдану:
A — педагогикалық ұғымдар бойынша білім мен түсінікті тексеру;
B — педагогикалық жағдаяттарды және теориялық материалды талдау;
C — педагогикалық идеялар мен технологияларды жинақтау, бағалау және қолдану.
Үміткерге қойылатын талаптар
Білімі:
Жұмыс тәжірибесі:
Педагогика және/немесе психология пәндерін оқыту тәжірибесі — артықшылық.
Абитуриенттерді, студенттерді, педагогтарды даярлау тәжірибесі — басымдық.
СІЗДІН МАГИСТРАТУРАДА БІТІРГЕН МАМАНДЫҒЫНЫЗ НЕМЕСЕ ҚАЗІР МАГИСТРАТУРАДА ОҚЫП ЖАТҚАН МАМАНДЫҒЫНЫЗ ОСЫ ВАКАНСИЯҒА САЙ КЕЛІП ТҰРСА ОТКЛИКТЕГІ СОПРОВОДИТЕЛЬНЫЙ ПИСЬМОҒА "МАГИСТРАТУРА" ДЕГЕН СӨЗДІ ЖАЗЫҢЫЗ.