Алматы, улица Байтурсынова, 65А
Метро: БайконурAlem Translation – тілдік аударма және құжаттарды легализациялау саласындағы жетекші компания.
Біз жеке және корпоративтік клиенттермен жұмыс істейміз, жоғары сұранысқа ие қызметтерді ұсынамыз.
Қазіргі таңда командамызды кеңейтіп жатырмыз және компаниядағы барлық HR-процестерге толық жауап беретін HR маманын іздейміз.
⸻
Сен не аласың?
✅ Тұрақты оклад + бонус жүйесі (нәтижеге байланысты)
✅ Жылдам мансаптық өсу – HR бағытын толық басқару мүмкіндігі
✅ Басшылықпен тікелей жұмыс – идеялар мен ұсыныстарды іске асыру
✅ Мықты команда және үздіксіз даму – тренингтер, HR-оқулар, тимбилдингтер
✅ Жұмыс кестесі: сіздің уақытыңызды үнемдеу үшін еркін жұмыс кестесін ұсынамыз
⸻
Қосымша артықшылықтарымыз
✨ Премиялар мен бонустар жүйесі – жеке және командалық нәтижелер үшін
🏆 Ең үздік қызметкерге – шетелге екі адамға жолдама
📱 1 жыл адал еңбек үшін – iPhone сыйлыққа
🚗 3 жыл компанияда жұмыс істегені үшін – автокөлік сыйлыққа
🏡 6 жыл тұрақты еңбек өтілі үшін – пәтер сыйға беріледі
⸻
Сенің негізгі міндеттерің
• Компаниядағы барлық HR-процестерді толық жүргізу
• Персоналды іріктеу: вакансияларды жариялау, іріктеу, сұхбат жүргізу
• Жаңа қызметкерлерді бейімдеу
• Қызметкерлердің жеке істерін және кадрлық құжаттаманы жүргізу
• Корпоративтік мәдениетті дамыту және қолдау
• Қызметкерлердің мотивациясын, тұрақтылығын арттыру
• Басшылыққа HR аналитикасы мен ұсыныстар дайындау
• HR регламенттерін, ішкі саясат пен процестерді қалыптастыру
• Қазақ тілін жетік меңгеру
⸻
Біз кімді іздейміз?
🔹 Жауапкершілігі жоғары – HR бағытын толық өз мойнына ала алатын
🔹 Коммуникабельді – қызметкерлермен және басшылықпен тиімді жұмыс істей алатын
🔹 Нәтижеге бағытталған – процесс үшін емес, нақты нәтиже үшін жұмыс істейтін
🔹 Қазақ тілін жетік білу – міндетті
🔹 HR немесе кадр ісі саласында кемінде 1 жыл тәжірибесі бар
⸻
Біздің құндылықтарымыз
Біз қызметкерлерімізді жай ғана ресурс ретінде қарастырмаймыз.
Біз үшін ең маңыздысы — сенің дамуың, тұрақтылығың және өмірлік мақсаттарың.
Сондықтан біз:
• сенің отбасылық жағдайыңды ескереміз
• кредит, ипотека немесе тұрғын үй жалдау міндеттемелеріңе түсіністікпен қараймыз
• қажет болған жағдайда аванс және қаржылық қолдау көрсетуге дайынбыз
Біздің мақсат — сенің бізбен бірге жұмыс істей отырып,
жеке және қаржылық мақсаттарыңа жетуің.
Alem Translation қарқынды дамып келеді.
Дәл қазір қосылсаң — компаниядағы HR бағытын нөлден қалыптастыратын негізгі тұлға боласың.
Егер сен ықпалы бар позицияны, кәсіби еркіндікті, тұрақты табысты қалайтын болсаң —
қазір-ақ өтініш қалдыр!
Алматы
до 400000 KZT
NEU LTD (RE/MAX Kazakhstan)
Алматы
до 400000 KZT
Astana Mall Trading,ТОО
Алматы
до 500000 KZT
Алматы
до 500000 KZT