SMM - manager (қазақ тілін білуімен)

Коломейцева-инфо

SMM - manager (қазақ тілін білуімен)

Алматы, микрорайон Сайран, 14

Описание вакансии

Компания туралы:

"Коломейцева-Инфо" — бухгалтерлік салаға маманданған, білім берумен айналысатын компания.

Біздің негізін қалаушымыз – Елена Борисовна Коломейцева, бухгалтерлік қызметтер нарығында айтарлықтай өзгерістер енгізген тұлға.
Біздің компания Учет.kz, Параграф және тағы басқа танымал компаниялармен бәсекелеседі.
Біз бухгалтерлердің біліктілігін арттырып, оларды өз істерінің үздік мамандары етеміз!

Әр адам жұмыс істеуді қалайтын компания – біз!

Себебі:

  • Біз қызметкерлерімізді бағалаймыз және ынталандырамыз
  • Өніміміз – пайдалы
  • Біз мықты әрі шығармашыл командамыз
  • Даму мен жетістікке ұмтылуда біз үшін шек жоқ.


SMM-маманы позициясындағы болашақ міндеттеріңіз:

  • Орыс тіліндегі профильді мысалға ала отырып, қазақ тілінде аккаунт ашу және рәсімдеу (профильдің сипаттамасы, аватар, био және т.б.)
  • Басшымен бірге бизнес-құралдарды қосу (UTM белгілері, аналитика, Meta Business Suite)
  • Визуалды брендбукке сәйкес безендіру
  • Күнделікті орыс тіліндегі аккаунттағы контентті қазақ тіліне бейімдеп жариялау
  • Басшымен бірге юморлық контент әзірлеу және оны қазақ тілді аудиторияға бейімдеу
  • Контент жоспарын жүргізу және LiveDune арқылы жарияланымдарды жоспарлау
  • Жеке хабарламалар мен пікірлерге жауап беру
  • Аккаунтта жылы әрі белсенді атмосфераны сақтау
  • Охват пен белсенділік көрсеткіштерінің статистикасын жүргізіп, контент форматтарының тиімділігін талдау
  • Орыс тіліндегі аккаунттың SMM-менеджерімен, видеографпен және маркетинг бөлімінің басшысымен тығыз байланыста жұмыс істеу
  • Апта сайынғы жиналыстарға қатысып, есеп беру.


Сіз бізге дәл келесіз, егер:

  • Қазақ және орыс тілдерін (жазбаша және ауызша) жоғары деңгейде білсеңіз
  • Instagram аккаунттарын жүргізу тәжірибеңіз болса, алгоритмдер мен құралдарды білсеңіз
  • Мәтіндер мен визуалдарды бейімдей алсаңыз, әзіл мен стиль сезіміңіз болса
  • Бухгалтерлік немесе іскерлік контенттің негіздерін түсінсеңіз — тіпті жақсы
  • Сanva / Figma, LiveDune, Meta Business Suite бағдарламаларында жұмыс істей алсаңыз
  • Іске белсенді, ұқыпты қызметкер болсаңыз


Біздің сізге ұсынысымыз:

  • Гибридті жұмыс форматы (негізінен қашықтан, бірақ айына бірнеше рет офиске келу қажет)
  • Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін (5/2), 9:00–18:00 аралығы
  • Сынақ мерзімі – 2 ай
  • Тимбилдингтер, корпоративтер және мықты әріптестермен араласу мүмкіндігі
  • Еңбекақы: негізгі жалақы – 250 000 тг + KPI – 100 000 тг

Егер сіз соңына дейін оқыған болсаңыз, демек жауапкершілікті түсінесіз және бұл жұмыс сізге шын мәнінде қызықты.
Сопроводительный хатта өзіңіздің жұмыстарыңызбен танысуымыз үшін резюмеңізді тіркеңіз.

Навыки
  • Грамотная речь
  • Работа в команде
  • Умение планировать
  • Инстаграм
  • Cоциальный маркетинг
  • Грамотная письменная речь
  • Работа в условиях многозадачности
Посмотреть контакты работодателя

Адрес

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию