Дереккөздерді талдау және интеграция стратегияларын әзірлеу;
ETL-процестерін (деректерді алу, түрлендіру, жүктеу) жобалау және іске асыру;
Деректер қоймалары мен деректер көлдерінің архитектурасын құру және оңтайландыру;
Үлкен деректер технологияларымен (Hadoop, Spark және т.б.) жұмыс істеу;
Реляциялық және реляциялық емес деректер базаларын (SQL және NoSQL) басқару;
Деректердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Деректерді басқару стандарттары мен нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Талаптары:
Статистика, математика, информатика, деректер ғылымы немесе соған ұқсас сала бойынша жоғары білім;
Деректер талдауы, машиналық оқыту немесе бизнес-аналитика бағытындағы кәсіби сертификаттар (мысалы, Google Data Analytics, IBM Data Science, Coursera, Kaggle) болса, артықшылық болып саналады.
Үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу және оларды талдау тәжірибесі;
Python, R және SQL тілдерін жақсы меңгеру;
Pandas, NumPy, Scikit-learn, TensorFlow сияқты кітапханалармен жұмыс тәжірибесі;
Деректерді визуализациялау құралдарын (Power BI, Tableau, Matplotlib және т.б.) қолдану дағдылары;
A/B тестілеу және эксперименттік талдау жүргізу тәжірибесі;
Үлкен деректер технологияларын (Hadoop, Spark және т.б.) білуі артықшылық болып саналады;
ETL-процестері мен деректер сапасын қамтамасыз ету принциптерін түсіну.
Шарттары:
ҚР Еңбек Кодексі бойынша жұмысқа тіркеу;
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 8:30-17:30, түскі ас 12:30-13:30;
Кампуста жаңа инновациялық кітапхана бар;
Асханадағы түскі асқа 50% жеңілдік;
Ағылшын тіл курстарына қосымша жеңілдіктер;
Кампуста медициналық бөлім «Жанұя» орталығы тегін қызмет көрсетеді;
Психологиялық кеңес беру орталығы қызметкерлерге тегін қызмет көрсетеді.