Астана, проспект Туран, 34В
Құрметті үміткер!
Назар аударыңыз! Вакансия 12 қыркүйекке дейін ашық!
Компания туралы қысқаша:
Біздің курс 10–11 сынып оқушыларын грантқа түсуге көмектеседі. Курстың негізі – география пәнін оқыту, сонымен қатар басқа да бейінді пәндер комбинациясы бар. Біз авторлық әдістемемен, ерекше тәсілмен және кураторлық бақылаумен оқытамыз. Бүгінгі күнге дейін бізбен 8 000 оқушы дайындықтан өтті, ал осы жылғы қаңтар айындағы ҰБТ-да біздің түлектер рекорд орнатты: Қазақстан бойынша 115 оқушы барлық пәннен ең жоғары 50/50 балл жинады.
Біздің үлкен мақсатымыз – осы оқу жылында 10 000 оқушыға жету.
Вакансияның ашылу себебі:
Жыл сайын біз бірнеше есе өсіп келеміз. 2025 жылы біз табыс көлемін, түлектер санын және жоғары балл алғандар санын 2 есеге арттыруды мақсат еттік. Компанияның жаңа серпілісін жасау үшін бізге нәтижеге және жоғары табысқа ұмтылатын, кәсіби әрі ынталы қызметкерлер қажет. Егер бұл сізге сәйкес келсе, әрі қарай мұқият оқыңыз!
Біздің сату бөлімі:
Қазіргі таңда сату бөлімінде 20 қызметкер жұмыс істейді.
Қазір біз бұл бөлімді 25 адамға дейін кеңейтіп жатырмыз, барлығы 5 орын ғана бар.
Біз сізге ұсынамыз:
Орташа айлық табыс: 200 000 теңгеден бастап. Мұнда бәрі сізге байланысты, табысқа шек қойылмаған;
Айлық жоспарды орындау және асыра орындағаны үшін тамаша бонус жүйесі;
Қосымша командалық және жеке бонус;
Жұмыс кестесі 6/1, сағат 13:00–20:00, күніне барлығы 7 сағат, сенбіде қысқартылған күн;
Сарафанное радио;
Ішкі сату бағдарламасы бар – тәжірибеңіз болмаса да, біз сізді үйретеміз. Ең бастысы – қызығушылық пен ынта;
Біліктілікті арттыру үшін барлық оқу бағдарламаларымыздан тегін өтесіз;
Ең үздік кітаптардан тұратын тегін корпоративтік кітапхана;
Орта жасы 22 болатын жас әрі сергек ұжым;
Рекордтарға жеткен жағдайда компания есебінен саяхат (2025 жылғы шілдеде рекорд үшін Грузияға ұшамыз);
Үздік қызметкерлерге сыйлықтар мен бонустар (кешкі асқа пицца жеткізуден бастап, апталық нәтиже үшін 500.000 теңгеге дейін);
Өсуге барлық жағдай жасалған.
Сізге атқаратын міндеттер:
«Жылы» базамен жұмыс жасау ;
Скрипт бойынша 7 этаптық сату ;
Келісімшарт жасасу және өзіңізге де, компанияға да табыс әкелу.
Үміткерден күтілетін талаптар:
ПК-ні (Google Sheets) сенімді қолдана білу;
Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру;
Энергия, эмпатия, шынайылық және өзіне сенімділік;
Үйренуге, дамуға және нәтижеде бірінші болуға ұмтылыс;
Скрипт бойынша жұмыс істей білу, сонымен қатар клиентті тыңдау қабілеті;
Телефон арқылы сату тәжірибесі (міндетті емес, бірақ құпталады).
Егер сіз соңына дейін оқып, вакансия дәл сіз үшін екенін түсінсеңіз:
РЕЗЮМЕҢІЗДІ жазыңыз, онда:
Біздің Instagram парақшамыздағы жазылушылардың нақты санын көрсетіңіз;
Және неге дәл сіз біздің командада болуыңыз керек деген 3 себебіңізді жазып жіберіңіз.
Назар аударыңыз! Вакансия 12 қыркүйекке дейін ашық!
Сәттілік тілейміз және сұхбаттасуда кездескенше!
❗1-курс студенттері мазаламауын сұраймыз.
Үміткерлер 3-курстан жоғары болуы тиіс. Сабақ кестесі сағат 13:00-ге дейін.
Астана
от 200000 KZT
РаботаВсем
Астана
до 850 USD