Алматы, улица Жандосова, 1/1
«Жауапты, стресске төзімді болу керек» деген іш пыстырарлық хабарландырулар біз туралы емес
MERHAT — Қазақстандағы зергерлік әшекейлер бренді, авторлық дизайндағы, қазақи нақышта қолөнер бұйымдарын сатумен айналысамыз Нарықта 8 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатырмыз. Осы уақыт ішінде 15 000-нан астам тұрақты клиенттеріміз бар. Бұйымдарымыздың бағасы 5 миллион теңгеге дейін барады. Бізбен бірге Баян Есентаева, Қайрат Нұртас, Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев, Мақпал Жүнісова, Дильназ Ахмадиева сияқты жұлдыздар жұмыс істеп келеді.
Біздің әшекейлер қызыл жолақтарда, VIP орындарда және адамдардың өміріндегі маңызды сәттерде жарқырайды. Біз күмістен бастап алтын, гауһар, өте сирек кездесетін параиба турмалины сияқты асыл тастармен де жұмыс істейміз
Сені не күтеді?
- Жайлы кеңсе
- Карьерный рост
- Жас, дамушы орта
- Компания атынан тегін сабақтар
- Күнделікті 100 $ дейінгі бонустар
- Тұрақты 400 000 теңгеден бастап жалақы (оклад + % сатылымнан, шектеусіз)
Егер сен көп табыс тапқың келсе және әдемі бұйымдармен жұмыс істегің келсе — біз сені іздеп жатырмыз.
Жұмыс шарттары
График: 6/1 (бір тұрақты демалыс күні).
Бізге кім керек:
- Адамдармен сыпайы, жақсы сөйлесе алатын.
- 6/1 режимінде жұмыс істеуге дайын және премиум дегеніміз — жауапкершілік екенін түсінетін.
Қалай жауап беру керек?
Резюмеңді жіберіңіз, сол жеткілікті
Видео немесе дауыстық хабарлама жіберсең — тіпті жақсы.
Бізде шынымен ашық есік: негізін қалаушымен танысасың, коллекцияның қалай жасалатынын көресің және әшекейлерді ерекше бағалайтын клиенттермен жұмыс істейсің.
MERHAT — әдемі де, табысты да бол!
Алматы
до 700000 KZT