Кастинг менеджер

Кастинг менеджер

Алматы, Наурызбайский район, микрорайон Калкаман-2, улица Абишева, 36/13к1

Метро: Бауыржан Момышулы

Описание вакансии

Вакансия: Кастинг-менеджер

Біз туралы
MEYRAM — Қазақстандағы №1 балалар киностудиясы. Біз балалардың шығармашылық қабілетін ашуға, олардың талантын дамытуға және болашағын жарқын етуге көмектесеміз. Біздің команда — шабыт пен нәтижені біріктірген кәсіби мамандар ұжымы.

Біздің идеал қызметкеріміздің портреті:

Креативті – әр баланың ерекшелігін көре біледі.

Энергиясы жоғары – балалармен жұмыс істегенде мотивация мен позитив сыйлайды.

Өзіндік шешім қабылдай алады – «жоқ», «мүмкін емес», «істей алмаймын», «білмеймін» сөздерін қолданбайды. Оның орнына: «Мен мұны қалай жасай аламын?» деп сұрайды.

Жауапкершілігі жоғары – әр кастингті нәтижеге жеткізеді.

Міндеттер:

  • Балаларға арналған кастингтерді ұйымдастыру және өткізу;

  • Балалардың актерлік, шығармашылық және жеке қабілеттерін анықтау;

  • Қажетті тарифтік пакетке бағыт беру;

  • Ата-аналармен кәсіби байланыс орнату;

  • Кастинг нәтижелерін құжаттау және базада сақтау;

  • Командамен бірлесе жұмыс істеу.

Талаптар:

  • Балалармен жұмыс істеуге деген сүйіспеншілік;

  • Ұқсас салада жұмыс тәжірибесі құпталады;

  • Жоғары білім — артықшылық;

  • Қазақ тілін білу міндетті, орыс тілі — артықшылық;

  • Жоғары деңгейдегі коммуникация және эмпатия дағдылары;

  • Ұйымдастырушылық қабілет.

Жұмыс шарттары:

  • Жалақы: келісім бойынша (тәжірибе мен біліктілікке байланысты);

  • Жұмыс кестесі: 6/1, 09:00–18:00;

  • Жайлы, толық жабдықталған офис;

  • Үлкен, тату ұжым;

  • Қазақстандағы ең ірі балалар киностудиясында жұмыс істеу мүмкіндігі.

Егер сіз балалардың талантын ашуды және олардың болашағына үлес қосуды армандайтын болсаңыз — біз сізді күтеміз!

Навыки
  • Преподаватель
  • Кастинг
  • Детская психология
Посмотреть контакты работодателя

Адрес

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию