SMM-менеджер

SMM-менеджер

Описание вакансии

Жасанды интеллект агенттігіне SMM маманын іздейміз!

Бізге Тик-ток/Instagram-дағы парақшаны сапалы жүргізе алатын, креативке бай, жауапкершілігі жоғары SMM маманы қажет.

Неге бізбен жұмыс істеу тиімді?

  • Жалақыңызды уақытында аласыз — келісілген күні кешіктірмей төленеді;

  • Ресми жұмыс шарты жасалады — бәрі заңды негізде, арнайы договормен;

  • Қатты сөйлеп, ренжітпейміз — құрмет пен түсіністік біз үшін маңызды;

  • Офиске барудың қажеті жоқ — жұмыс толықтай онлайн, өзіңізге ыңғайлы режимде;

  • ChatGPT сияқты құралдарды қолдануды үйретеміз — пост жазу мен басқа да тапсырмаларды жеңіл әрі жылдам орындауға көмектесеміз.

✅ Талаптар:

  • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген (Орыс тілін білмесеңіз де, жұмысыңызды бағалап көруге дайынбыз);

  • Камера алдында өз бетімен видеоға түсуге дайын, өзін сенімді ұстайтын, ойын ашық жеткізе алатын;

  • Instagram үшін жарнамалық, ақпараттық және қызықты рилстер түсіре алатын;

  • CapCut қосымшасында қарапайым видеомонтаж жасап, субтитр қоса алатын;

  • Canva арқылы әдемі дизайнмен карусель \ посттардың дизайнын жасай алатын.

Міндеттері:

  • Instagram парақшасын жүргізу;

  • Креативті контент жасау:

    • Аптасына кемі 4-5 рилс түсіру;

    • Аптасына (3 пост карусельмен) (айына 10–12 пост);

    • Күн сайын кемінде 3 -5 сторис жариялау;

  • Сауатты мәтін жазу (копирайтинг);

  • Таргет жарнамасын жүргізе алса — артықшылық (үйретіледі).

Жұмыс шарттары:

  • Жұмыс толықтай қашықтан, өзіңізге ыңғайлы уақытта;

  • Тапсырмаларды уақытында және сапалы орындау қажет;

  • Айлық төлем: 250 000 тг + бонус

Егер сіз:

  • Жоғарыдағы талаптарға сай келсеңіз;

  • Осыған ұқсас жобаларда жұмыс істеп, портфолиоңыз болса — бізге міндетті түрде жазыңыз!

Навыки
  • SMM
  • Написание текстов
  • Копирайтинг
  • Обработка видео
  • Обработка изображений
  • Графический дизайн
  • Таргетинг
  • Взаимодействие с блогерами
Посмотреть контакты работодателя

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию