Астана, проспект Туран, 16
Қайырлы күн, құрметті үміткер!
Біз сату бөлімінің мықты менеджерін іздеп жатырмыз — Қазақстандағы білім беру нарығын бірге бағындыратын әріптес керек!
Біздің команда — жас, батыл әрі креативті. Бүгінге дейін 20 000-нан астам оқушыны оқытып үлгердік. Біз — халықаралық білім беру холдингінің бір бөлігі болып табыламыз.
Кімді іздейміз?
Біз елін сүйетін, балаларға білім бергісі келетін, мотивациясы жоғары, табыс табуға құштар маманды іздейміз.
Біз ірі компания ретінде нарықтағы бәсекеге қабілетті жалақы ұсынамыз.
Офис қаланың орталығында орналасқан — келіп-кетуге ыңғайлы.
Сізді біздің командада көруге қуаныштымыз!
OZAT ONLINE — бұл 1–9 сынып оқушыларына арналған заманауи онлайн-платформа. Платформа НЗМ, БИЛ, РФМШ және басқа да мектептерге дайындалуға көмектеседі. Біздің түсінікті түсіндіруімізді, мықты әдістемемізді және нәтижелерімізді Қазақстандағы мыңдаған отбасылар таңдайды. Біз бұнымен тоқтап қалмаймыз!
Біздің алдымызда үлкен мақсаттар, жаңартылған өнім және үлкен өсу әлеуеті бар. Қазір біз OZAT жобасын ауқымдандырудың жүрегі болатын қуатты сату бөлімін құрып жатырмыз.
Кімді іздейміз:
Ынталы, мықты тәжірибесі бар сатушыны іздейміз. Яғни, сіз:
Клиентпен жай сөйлесіп қана қоймай, қажеттілікті жаба аласыз;
Сандық көрсеткіштерді (KPI), жоғары табысты ұнатасыз;
Тікелей және құндылық арқылы сата аласыз — себебі біздің өніміміз шынымен де құнды;
Тек орындаушы емес, мықты сату командасын бірге құрушы болғыңыз келеді.
Міндеттер:
Онлайн оқыту курстарын ата-аналар мен оқушыларға сату (жылы база + шығыс қоңыраулар);
Лидтерді қанағаттанған клиенттерге айналдыру;
Скрипттерді, сату воронкасын және CRM-процестерін қалыптастыруға қатысу (егер басшылыққа өсуді қаласаңыз);
Біз не ұсынамыз:
Жылдам өсіп жатқан EdTech жобасының негізгі мүшесі болу мүмкіндігі;
Сатудан жоғары % — сіздің табысыңыз шектелмеген;
Дайын база, ыстық лидтер және қолдау (суық іздеу жоқ);
Жеке даму — сіз жобамен бірге өсесіз;
Бөлім басшысы немесе коммерциялық директор деңгейіне дейін өсу перспективасы.
Артықшылық болады, егер:
EdTech, білім беру қызметтері немесе b2c-сатуларда тәжірибеңіз болса;
Ата-аналармен жақсы тіл табыса алсаңыз (егер оқыту курстарын, лагерьлерді сатқан болсаңыз — бұл плюс);
Оқыту мен даму процесіне шынайы қызығушылығыңыз болса.
Егер сіз көп табыс тапқыңыз келсе, нәтижеге ықпал еткіңіз келсе және мақтанатын өнім жасағыңыз келсе — хабарласыңыз!
Жаңа гипотезаларды сынау және клиенттің өмірлік құнын (LTV) арттыру.