Психология мұғалімі (лектор)

ALMA ABDI

Психология мұғалімі (лектор)

Описание вакансии

Құрметті Психолог!

Біз болашақ психология кеңесшілерін даярлайтын Халықаралық Психология Академиясы. Академия аясында оқыту онлайн және офлайн форматта жүргізіледі.

Бізге тұрақты негізде жұмыс істейтін, кәсіби практик психолог мамандарды қарастырудамыз.

Міндеттер:

  • Онлайн платформаға арналған бейнедәрістерді (шамамен 30 сағат) офисте бір реттік түсіру;

  • Қатысушылармен апталық онлайн/офлайн кездесулер өткізу.

  • Оқу барысында тыңдаушыларға қолдау көрсету, материалдар мен тапсырмалар бойынша кері байланыс беру;

  • Оқу бағдарламаларын жетілдіру, әдістемелік материалдар мен оқу контентін дайындауға қатысу.

  • Емтихандық тесттерді дайындау.

Біз күтетін талаптар:

  • Психология немесе педагогика саласы бойынша жоғары білім;

  • Психология бойынша оқыту немесе тренинг өткізу тәжірибесі;

  • Күрделі тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізе білу;

  • Офлайн және онлайн форматтағы түсірілімге дайындық;

  • Ашықтық, эмпатия және оқытуды сүю;

  • Ғылыми дәреженің болуы құпталады және ол жалақыны белгілеуде ескеріледі.

Жалақы:

  • Жалақы көлемі кандидаттың тәжірибесіне, біліктілігіне және ынтымақтастық форматына байланысты жеке келісіммен анықталады;

  • Айқын төлем жүйесі, ұзақ мерзімді әріптестікке және Академия дамуына белсенді қатысқаны үшін бонус қарастырылған.

Егер сіз болашақ психологтарды шабыттандыруға, олардың өміріне оң өзгеріс әкелуге дайын болсаңыз — резюмеңізді жолдаңыз!

Навыки
  • Обучение и развитие
  • Организация учебного процесса
  • Педагогическая психология
Посмотреть контакты работодателя

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию