Рекрутер

Daryn.online

Рекрутер

Алматы, улица Богенбай Батыра, 150

Описание вакансии

Bugin Holding — білім беру саласында қарқынды дамып келе жатқан
компанияларды біріктіретін заманауи экожүйе. Бізге Daryn.online, Daryn Teacher, Ordagen Ustaz, EduCenter және BuginMedia сияқты жобалар кіреді.

Біздің команда – тың идеяларды жүзеге асырып, білім беруді жаңа деңгейге көтеріп жүрген белсенді де кәсіби мамандардан құралған. Біз үшін әр әріптесіміздің жұмыс орнында өзін жайлы, еркін сезінуі және дамуға деген мүмкіндігінің болуы маңызды.

Қазір бізге өз ісіне мұқият, таланттарды табу мен тартуды жақсы көретін, компания мәдениетін дамытуға үлес қоса алатын РЕКРУТЕР қажет. Егер адамдармен ашық жұмыс істей алсаңыз, жүйелі ойлап, команданың өсуіне шын көңілмен атсалысқыңыз келсе – біз сізді асыға күтеміз!

СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ТАПСЫРМАЛАРЫҢЫЗ
Рекрутинг және адаптация:
  • Кандидаттың профилін жасаудан бастап, командаға бейімделуіне дейінгі толық рекрутинг циклін жүргізу
  • Жылдамдық пен нәтижеге басымдық бере отырып кандидаттарды іріктеу жұмысын жүргізу (масс. подбор/точечный подбор)
  • Жаңадан қосылған қызметкерлердің ұжымға тез сіңісуіне көмектесіп, бейімделу процесін жолға қою

Командамен жұмыс:

  • Жеке (1to1) кездесулер өткізу, кері байланыс жинау
  • Командада позитивті атмосфера құру және қолдау білдіру

Іс-шараларды ұйымдастыру:

  • Тимбилдингтер, тренингтер, оқыту жұмыстары, корпоративтік кездесулер мен мерекелік шараларды ұйымдастыру (командамен бірге)
  • Қызметкерлерді компанияның белсенді ішкі өміріне тарту, қатысуын ынталандыру

БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

  • Рекрутингте кемі 1 жыл тәжірибенің болуы
  • Қазақша еркін сөйлеу/жазу
  • Рекрутинг процестерін жақсы білу және жақсы көру
  • HR саласында тиімді процестер құра алу
  • Өзгеріске бейімдік және нәтижеге бағытталып өнімді жұмыс жасау
  • Адамдармен жұмыс жасауды ұнату, оңай тіл табысу
  • Жаңа нәрсені үйренуге ашықтық

Егер оқып отырып "Мынау мен туралы ғой" деген ой келсе біз сізді өз командамызға шақыруға дайынбыз ;))

БІЗ ҰСЫНАМЫЗ:

  • Қарқынды дамып келе жатқан білім жобалары бар холдингте жұмыс істеу мүмкіндігі
  • Корпоративтік мәдениетке әсер етіп, жаңа идеяларды ұсыну еркіндігі
  • Тұрақты түрде кәсіби даму бағдарламаларына қатысу
  • Бір-біріне сенетін, көңілді команда, тимбилдингтер, кештер және ұмытылмас атмосфера!

Үміткерлерге берер кеңестеріміз

  • Түйіндемеңізде өзіңіз туралы ақпараттар толық көрсетілгендігіне көз жеткізіңіз
  • Компанияны және вакансияны зерттеңіз
  • Шыншыл болыңыз

Ескерту: Бос түйіндемелер және рекрутингте 1 жылдан аз тәжірибесі бар кандидаттардың түйіндемелері қарастырылмайды

Навыки
  • Подбор персонала
  • Обучение персонала
  • Мотивация сотрудников
  • Разработка стратегии развития
  • HR-метрики
  • Тимбилдинг
  • Обучение и развитие
  • Внутренние коммуникации
  • Адаптация персонала
Посмотреть контакты работодателя

Адрес

Похожие вакансии

Хотите оставить вакансию?

Заполните форму и найдите сотрудника всего за несколько минут.
Оставить вакансию