Тараз, V8JJ+M3P, Тараз
“DARYN STUDY” Спорт және өнер-білім орталығында - Білікті ұстаздар мен тәжірибелі жаттықтырушылар. Балалардың дарынын дамыту. Негізгі бағыттар: Балаларға білім беру, спортқа баулу, шығармашылық дамыту, нәтижеге шығару.
Біз өзімізді жақсы жағынан көрсеттік - біздің оқушыларымыздың нәтижелері бұған дәлел.
Ай сайын біздің оқушыларымыз көбеюде. Орталығымыздың қарқынды дамуына байланысты біздің командамызға мықты маман - Офис менеджер іздейміз
Біз кімді іздейміз? .
Өз ісінің маманы. Командамен жұмыс жасай алатын жүйелі адам. Тәрбиелі, тартымды, ұқыпты
Жалпы Міндеттері:
Офис-менеджер — оқу орталығының әкімшілік қызметін ұйымдастыру мен қолдауға жауапты қызметкер.
Ол орталықтың ішкі тәртібінің, құжат айналымының және клиенттермен байланыстың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Негізгі міндеттері
1. Әрбір желіден келген хаттарға (ватсап, инстаграм) және телефон қоңырауларына жауап беру. консультация беру. Кері Байланыс жасау
2. Орталыққа келушілерді (ата-аналар, оқушылар, қонақтар) жылы қарсы алу, сұрақтарына жауап беру.
3. Оқушыларды қабылдау, тіркеу, келісім шарт жасау және топтарға бөлу процесін жүргізу.
4. Клиенттердің төлемдерін қадағалау, түбіртек беру.
5. Мұғалімдердің және тренерлердің жұмыс кестесін қадағалау, , қажетті ақпаратты уақтылы беру.
6. Кеңсе тауарлары мен керек-жарақтарды реттеу, тапсырыс беру.
7. Апта, Ай сайын оқушы саны, жалпы айналым, төлем бойынша есеп беру.
8. Ішкі тәртіп пен тазалықты қадағалау.
Центр изучения английского языка Роуз Каплан
Тараз
до 120000 KZT