Сәлеметсіз бе, менің атым Нурдаулет. Мен электротоварлар сататын интернет-дүкенді дамытып жатырмын . Қазір белсенді түрде өсіп келеміз, мақсатымыз — жылына 10 000 сату көлеміне жету.
Сол мақсатқа бірге жететін адам іздеймін. Алдымен колл-орталықта жұмыс істей отырып, өнімді түсініп, сатуды үйреніп, компания ішінде өсуге дайын ассистент керек.
Бастапқы міндеттер:
— Кіріс және шығыс қоңыраулармен жұмыс;
— Клиенттерге кеңес беру, қажетті тауарды таңдауға көмектесу;
— Дайын скрипттер бойынша жұмыс істеу және оларды жетілдіруге қатысу;
— Қоңырау нәтижелері бойынша қысқаша есеп жүргізу.
Шарттар:
— Оклад қарастырылмаған;
— Әр сатылым үшін төлем: 9 000 – 15 000 теңге;
— Орташа табыс: айына 200 000 – 500 000 теңге;
— Жұмыс офис ішінде жүргізіледі (онлайн формат қарастырылмайды);
— Гибки график
Не ұсынамын:
— Бірінші күннен бастап оқыту (өнім, скрипт, сату техникасы);
— Сату — өмір бойына қажет болатын негізгі дағды;
— Өсу мүмкіндігі: нәтиже көрсетсеңіз, 2–3 айдан кейін басқарушылық немесе жобалық міндеттерге көшуге болады.
Кімді іздеймін:
— Жауапты, дамуға ниеті бар адамды;
— Сатуда тәжірибе болғаны жақсы, бірақ ең маңыздысы — үйренуге дайын болу;
— Сыпайы, сенімді сөйлесе алатын, логикалық ойлай алатын үміткерді.
Егер сіз өзіңізді табысты салада дамытқыңыз келсе, жақсы табыс тапқыңыз келсе және өсіп жатқан жобаға үлес қосуды қаласаңыз — бұл жақсы мүмкіндік.
Хабарласыңыз, барлық мәліметті сөйлесіп шешеміз. Алғашқы қадамнан бастаймыз, ары қарай барлығы сіздің ұстанымыңызға байланысты.